ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қазанда №14356 болып тіркелді) негізінде Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

Толығырақ

Жаңалықтар

24.04.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығыеліміздің бастауыш, негізгі орта және жалпы ортабілім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» аттыРеспубликалықконкурсын жариялайды.Конкурсқа мектеп мұғалімдерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады.Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі.Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
19.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.