Басшылық

ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры

Жақып Мырзантай Қожабайұлы 1965 жылдың 15 мамырында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы – журналист.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысы, Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінің тілшісі болып бастап, 1988-1994 жылдары аталған газет редакторының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Балқаш аудандық комитетінің нұсқаушысы, Республикалық «Зерде» ғылыми журналы, «Ана тілі», «Жас Алаш» газеттерінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, меншікті тілші болып қызмет істеген.

1993 жылы халық депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

1994 жылдан бері жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істеп келеді: Халықаралық және мемлекеттік университеттердің Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, ғылыми, оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Ғылыми-зерттеу басқармасы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары секторының жетекшісі болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысына бірнеше рет белсене қатысқан.

1997 жылғы 29 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «10.01.10 – Журналистика» мамандығы бойынша К.14.А.01.19 Диссертациялық кеңесінде «Туркестанские ведомости» газетінде патшалық Ресейдің Мырзашөлді отарлау саясатының жазылуы (1870-1917 жылдар)» атты тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі берілген (хаттама №3, диплом №0003655).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент (of Associate Professor) ғылыми атағы берілген (№8 хаттама, ҚР БжҒМ ЖАК аттестаты ДЦ №0005129).

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол жылы жарық көрген М.Қ. Жақыптың «Мырзашөлім – мырза елім» атты монографиясымен тікелей өзі танысып, кітаптың ғылыми мазмұнын оң бағалаған.

2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Алғыс хаты берілген.

2008 жылдың қараша айында Астана қаласында өткізілген ХІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Журналистика» аталымы бойынша қазылар алқасының мүшесі болды.

2008 жылдың 23 желтоқсанынан бастап «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры.

Сондай-ақ, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы меншік иесі болып табылатын бес ғылыми журналдың бас редакторы. Оның ішінде «Зерттеуші – Исследователь» және «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының шешімімен және Комитет бұйрығымен «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілді (2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін).

Журналистика саласының жоғары білікті маманы ретінде арнайы шақырумен 2010 жылдың қыркүйек айынан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor) болып қызмет істейді.

Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аккредиттеу туралы куәлігі, серия МК, №002022, 2011 ж. 26 қыркүйек).

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Журналистика және саясаттану факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстарына белсене атсалысып келеді.

Университеттің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» бакалавриат мамандығының қазақ және орыс тілдеріндегі модульдік оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларын, міндетті және элективті пәндер каталогтары мен олардың қысқаша мазмұндарын, сондай-ақ, «6М051400 – Қоғамдық байланыс», «6М051600 – Халықаралық журналистика» және «6М042200 – Баспа ісі» магистратура мамандықтарының модульдік оқу жоспарларын және мемлекеттік лицензия алу үшін қажетті басқа да оқу-әдістемелік құжаттарын жасап, ұсынды.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының 2011 және 2012 жылдары оқуға қабылданған студенттері топтарының кураторы.

2012-2013 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Журналистика» мамандығының PhD докторантурасы мен магистратурасы бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ғылыми хатшысы болды.

2012 жылдың 10-23 сәуір күндері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткізілген «Қазақстан мен Ресейдегі журналистік білім беру» және «Ақпараттық журналистиканың қазіргі жағдайы» атты семинарларға қатысты.

2013 жылдың 21 қаңтары мен 02 ақпанына дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орындары оқытушыларының Біліктілікті арттыру институтында «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша 72 сағат көлемінде толық курсын тыңдап, міндетті оқу және ғылыми жұмыс жоспарын орындады (куәлік №3405, 02.02.2013 ж., Алматы қаласы).

2013 жылдың 1 сәуірінде Алматы қаласындағы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) Thomson Reuters Scientific & Scholarly Research компаниясы тарапынан өткізілген, Thomson Reuters-ке ғылыми журналдарды іріктеу үдерісінің, Web of Science-нің қарауына баспа және электронды журналдарды жіберудің аса өзекті мәселелері талқыға салынған «Web of Science қорына ғылыми журналдарды іріктеу үдерісі: Thomson Reuters ақпараттық базасына ғылыми журналды қалай дайындау қажет?» атты семинарға қатысып, ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters қорлары бойынша арнайы Сертификатқа ие болды.

2013 жылдың 8 қарашасында Астана қаласында Бас редакторлар клубының «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбындағы баспасөз қызметкерлерімен өткізілген семинарына қатысып, «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың теориялық және тәжірибелік ерекшеліктері» атты баяндама жасады.

2013 жылдың 14-15 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстанның VІ Азаматтық форумының жұмысына қатысты.

2014 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы өткізген «Халықаралық ынтымақтастық және ТМД елдеріндегі ҮЕҰ қызметімен тәжірибе алмасу» атты Халықаралық конференцияға қатысты.

2014 жылдың 22 қазанында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы ұйымдастырған «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты Республикалық конференциясына қатысып, арнайы баяндама жасады.

2015 жылдың 29 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің «Білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау және басқару түрлері мен әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастыруға атсалысты (29.01.2015 ж. сертификат).

2015 жылдың 8 шілдесінде өткізілген «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) ұйымдастырған «Thomson Reuters-тің редакторларға арналған ақпараттық күні. Web of Science: ғылыми журналдардың халықаралық стандарттары» атты семинарға қатысты. Thomson Reuters компаниясының өкілдері өткізген бұл семинардың мақсаты – журналдарды Web of Science Core Collection деректер қорына енгізу мәселесін қарастыру болатын.

2015 жылдың 17-31 шілдесі күндері «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтады (сертификаттар №009892, 17.07.2015 ж., №009815, 31.07.2015 ж.).

2015 жылдың сәуір және қазан айлары аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жұмыс Регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Назарбаев Университеті және Дьюк Университеті (Солтүстік Каролина, АҚШ) бірлесіп жасаған және экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгермелі өсуін қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020: Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» тренигтік бағдарламасына қатысты.

Бұл тренингтік бағдарлама «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты төртінші бағытын жүзеге асыру аясында шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуге, өңір экономикасының басым секторларында қызмет ететін, енді басталған және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бизнесін басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін енгізу және өндірісті жаңғырту мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Тренингтік бағдарламаның мақсаты – табысты кәсіпкер ретіндегі білімді, тәжірибені және дағдыны жетілдіру, бизнес идеяларды жүзеге асыруға қолдау көрсету, дамыту және көмек беру. Бағдарлама үш күндік аудиториялық сабақтар, тереңдетілген үш он-лайн семинары және бизнес-жоспарын жасау секілді үш кезеңнен тұрады.

Жақып Мырзантай Қожабайұлына «Бизнестің жол картасы – 2020: Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жөніндегі Назарбаев Университеті және Дьюк Университетінің (Солтүстік Каролина, АҚШ) Тренигтік Бағдарламасын табысты аяқтағаны туралы бірлескен арнайы сертификаты берілді.

Жақып Мырзантай Қожабайұлы Халықаралық медиабілім беру саласының негізін салушы Федоров Александр Викторовичпен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Федоров Александр Викторович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, А.П. Чехов атындағы Таганрог институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, «Медиаобразование» журналының бас редакторы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей экономикасын жаңғырту және технологиялық дамыту жөніндегі Комиссия жобалары бойынша РФ Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы, РФ Білім және ғылым министрлігінің сарапшысы, Еуропалық одақтың Еуропалық медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының сарапшысы, Ресей кинематографтар Одағының мүшесі, Ресей кинематограф өнері және ғылымдары Ұлттық академиясының академигі (Таганрог, Ресей Федерациясы).

Жақып Мырзантай Қожабайұлының екі монографиясы және бір оқу құралы жарық көрген:

- Мырзашөлім – мырза елім. – Алматы: Әл-Фараби, 1998. – 256 б. – 16 б.т. – ISBN 9965-444-15-3;

- Түркістан өлкесі баспасөзінде патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатының жазылуы (1870-1917 жылдар). – Шымкент, 2005. – 248 б. – 15,5 б.т. – ISBN 9965-9720-1-Х;

- Журналистикаға құштарлық. – Шымкент: Ғасыр-Ш, 2002. – 212 б. – 13,25 б.т. – ISBN 9965-589-07-0.

Сонымен бірге ғылыми журналдар мен ғылыми жинақтарда журналистика және қоғамдық байланыс салаларының ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.06.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
26.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
21.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.