«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

«Зерттеуші» республикалық ғылыми-білім беру орталығы

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн, жалпы білім (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру), мамандандырылған, кәсіптік (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру), қосымша (білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру) білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы болып табылады.

Орталықтың айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығықызметінің мәні: ғылым, экономика, журналистика, білім беру, мәдениет, өнер салаларында елеулі орын алуға қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындауға ықпал ету.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің мақсаты:

1) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу;

2) Ғылыми монографиялар, жинақтар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми журналдар, газеттер басып шығару;

3) Дарынды балалар мен жастарды оқытуға арналған жалпы білім, мамандандырылған, кәсіптік, қосымша білім беретін және басқа оқу бағдарламаларын іске асыру;

4) Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған дайындық курстарын және қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

5) Мектеп оқушылары, студенттер, жас ғалымдар және педагог қызметкерлер арасында шығармашылық жұмыстар конкурстарын және ғылыми жоба жарыстарын ұйымдастыру;

6) Білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру;

7) Педагог қызметкерлерге, жас ғалымдарға, жас мұғалімдерге, студенттерге және мектеп оқушыларына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, заңдық және құқықтық кеңес беру.

Орталық Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және Орталықтың мақсаттарына сәйкес келетiн, оның құрылтай құжаттарында көзделген бiр қызмет түрін немесе бiрнеше қызмет түрлерiн жүзеге асыра алады.

Біздің негізгі жобаларымыз:

-«Зерттеушi – Исследователь – The Researcher» (Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher) халықаралық ғылыми журналы 2006 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді – ISSN 2307-0153;

-«Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research»  (Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research) халықаралық ғылыми журналы 2007 жылдың шілде айынан бастап жарық көріп келеді – ISSN 2307-017X;

-«Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования – Science and education century» (Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century) халықаралық ғылыми журналы 2009 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сай келеді – ISSN 2307-0188;

-«Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital» (Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital) халықаралық ғылыми журналы 2010 жылдың сәуір айынан бастап жарық көріп келеді – ISSN 2307-020X;

-«Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых – Messenger of young scientist» (Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist) халықаралық ғылыми журналының негізі «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» деген атпен 2007 жылдың шілдесінде қаланып, 2010 жылдың сәуірінде қайта есепке алынған –ISSN 2307-0250;

-Ғылыми журналдардың барлық номерлері Thomson Reuters Web of Knowledge қорына жолдануда;

- Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған Республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас ғалым» конкурсы;

- Колледждердің студенттеріжәне мектептердің оқушылары арасындағы барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсы;

- Колледждердің студенттеріжәне мектептердің оқушылары арасындағы Республикалық «Журналист болғым келеді» шығармалар конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «География» пәні бойынша Республикалық «География – менің таңдауым» конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Республикалық «Мәңгілік Ел тарихы» конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша Республикалық «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша Республикалық «Саясаттану – құрметті мамандық» конкурсы;

- Колледждердің студенттеріжәне мектептердің оқушылары арасындағы Республикалық «Өнерлі өрге жүзер» жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсы.

Жаңалықтар

26.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
21.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
19.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.