Үкіметтік емес ұйымдар

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қазанда №14356 болып тіркелді) негізінде Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮРГЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АЗ ЕМЕС

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» аясында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекеті жүйесінде айтарлықтай өзгерістерді қарастыратын бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz Интернет-ресурсында осыған дейін «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ», «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛДЫҒЫН АРТТЫРУ КЕРЕК», «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ҮМІТІМІЗДІ АҚТАЙ МА?» тақырыптарындағы бірнеше мақала жарық көрген болатын. Ресми сайтымыздың «Үкіметтік емес ұйымдар» атты бөлімінде орналастырылған осы және басқа да жарияланымдарда елімізде азаматтық қоғам қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыға салынған еді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Қазіргі қазақ журналистикасында жеткілікті дәрежеде жазылмай, егжей-тегжейлі талданбай және тиісті деңгейде талқыға салынбай келе жатқан өте өзекті тақырыптардың бірі – еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктері мен тыныс-тіршілігі десек, қателеспеспіз. Осынау олқылықтың орнын толтыруға аз-кем болса да үлес қосу үшін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының zertteushi.kz Интернет-ресурсында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қысқаша тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы туралы арнайы мақалалар топтамасын жариялағанды жөн көрдік. Сонымен бірге zertteushi.kz Интернет-ресурсымыздың бастапқы бетінде «Үкіметтік емес ұйымдар» атты арнайы айдар ашып, осы сала жайындағы жарияланымдарды жүйелі түрде жинақтап, орналастырып отыратын боламыз.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

ЕЛІМІЗДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫ? Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше көңіл бөлінуінің өзіндік себептері бар. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның қаншалықты пісіп-жетіліп, өсіп-өнгенін және елдегі демократиялық үдерістердің даму дәрежесін айна-қатесіз айқындап береді.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Осыған дейінгі жазбаларымызда «Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжаттың жобасы жасалғанын айтқан едік. Аталған Ұлттық жоспар екі түрлі мақсатты көздейді. Оның алғашқысы – ұзақ мерзімді мақсат, яғни еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының бәсекелестік қабілеттерін күшейту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізі ретіндегі Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық-саяси жаңаруындағы олардың мәні мен маңызын көтеру үшін жағдай туғызу.

Толығырақ

Біз туралы » Редакциялық алқа Аттестаттау » Магистранттар үшін » «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІНДЕ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Бүгін, 2014 жылдың 17 қазаны күні «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткізілетін «Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ұйымдастырудағы халықаралық ынтымақтастық негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара тәжірибе алмасу» атты Халықаралық конференцияға қатысады.

Толығырақ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛДЫҒЫН АРТТЫРУ КЕРЕК

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың осы күнге дейінгі атқарған жұмысын бағалайтын кез жетті. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Халықаралық ынтымақтастық және ТМД елдеріндегі ҮЕҰ қызметімен тәжірибе алмасу» атты халықаралық конференцияда Қазақстанның Азаматтық альянының президенті Нұрлан Ерімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйымдар көп жағдайда тек салтанатты жиындар өткізумен шектеледі

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Үшінші бағыт – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын кеңейту. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметі мен маңызы нығайтылып, әсіресе, әлеуметтік салалардағы мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттері бірте-бірте соларға берілуі тиіс. Бүгінде еліміздің үкіметтік емес ұйымдары жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология және қоршаған ортаны қорғау, құқық қорғау және заңгерлік көмек беру, қарт адамдармен және мүгедектермен жұмыс істеу, гендерлік саясат, мәдениетті дамыту және осы секілді көптеген салаларда өз жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Төртінші бағыт – меценаттық, қайырымдылық мәдениеті және әлеуметтік жауапкершілік құрылымдарын дамыту. «Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының» жобасында қарастырылған, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін одан әрі дамытуға арналған іс-шаралар жүйесінде атап көрсетілген төртінші бағыт меценаттық, қайырымдылық мәдениеті және әлеуметтік жауапкершілік құрылымдарын дамыту мәселелеріне арналған.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Бесінші бағыт – үкіметтік емес ұйымдардың «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған бастамаларына кеңінен жол ашу. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама» бекітілген болатын. Осыған сәйкес ел Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 қаулысымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚЫСҚАША ТАРИХЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Жетінші бағыт – халықаралық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатудың басым бағыттары. Бүгінде Қазақстанның әлемдік аренадағы орны салмақтана түсіп, халықаралық беделі мен ықпалы нығайып, күшейіп келе жатқаны құпия емес.

Толығырақ

«ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ҮМІТІМІЗДІ АҚТАЙ МА?

Биылғы жылғы қыркүйек айының ортасында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов мырза «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленіп, жақын арада Парламенттің қарауына енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Толығырақ

Жаңалықтар

26.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.
24.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
22.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» және «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы» конкурстарына 2017 жылдың 15 мамырына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» журналының 2016 жылғы шілде-желтоқсан, №№7-12(109-114) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.