ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ПЕДАГОГТІК ҚЫЗМЕТПЕН ШҰҒЫЛДАНУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР

Жақында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырып отырған «География – менің таңдауым»атты конкурс туралы ереженің орыс тіліндегі мәтіні толық редакцияланбаған күйінде біздің zertteushi.kz Интернет-ресурсымызда жарияланып кетуіне байланысты келтірілген қолайсыздықтар үшін оқырмандарымыздан және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті басшылығынан кешірім сұраймыз.

«География – менің таңдауым» конкурсының жауапты ұйымдастырушысы – доцент(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD)Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» ҚР Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі  63-бабына, сондай-ақ, ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін шығармалар конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жоғарыда аталған конкурстың ұйымдастырылуында ешқандай да заң бұзушылыққа жол беріліп отырған жоқ деп есептейміз.

Мен, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы zertteushi.kz Интернет-ресурсының редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жақып Мырзантай Қожабайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті болып факультеттің арнайы шақыруы бойынша 2010 жылдан бастап қызмет істеймін және педагог қызметкер болып табыламын.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауының «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 51-бабына сәйкес педагог қызметкердің жеке педагогтік қызметпен шұғылдануға құқығы бар.

Жоғарыда аталған Заңның 37-1-бабы бойынша:

«Жеке педагогтік қызмет:

1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды».

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының zertteushi.kz Интернет-ресурсына және онда жарияланған «География – менің таңдауым» конкурсы туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

 

Құрметпен,

Жақып Мырзантай Қожабайұлы,

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының zertteushi.kz Интернет-ресурсының редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

25.01.2014 ж.

Жаңалықтар

21.02.2018
Иә, Оңтүстіктегі бес ауданның қайта қалпына келтірілуі – шын мәніндегі тарихи оқиға! Кеше, 2018 жылғы 20 ақпан күні өткізілген Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ХХ сессиясының шешімімен сонау 90-шы жылдардың соңында еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты Елбасымыздың 1997 жылғы 24 сәуiрдегi №3474 Жарлығымен таратылған Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш және Келес аудандарының қайтадан қалпына келтіруі – шын мәніндегі айрықша тарихи оқиға!
19.02.2018
Қазіргі кезде қазақ қоғамында жүріп жатқан 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының төңірегіндегі қызу пікірталастарға «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты бойынша ғылыми жоба ұсынған ғалым-әріптестеріміздің басым көпшілігі онша араласпай, үндемей, сырттай бақылап отыр.
15.02.2018
Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.