"Өнерлі өрге жүзер"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсының мақсат-міндеттері:

- «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне кәсіптік бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «5В041600 – Өнертану» мамандығына бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің жазбаша жұмыстары (шығармалары) мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт беру.

Студенттер мен оқушылар төменде берілген конкурс тапсырмаларының бірін таңдап, сол бойынша жазбаша жұмыстар (шығармалар) жазып, жолдауы тиіс:

1) Фильм көру және оған рецензия жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы рецензия жазу барысында фильмнің идеясы мен драматургиялық құрылымының ерекшелігі туралы өзіндік түсінігін, кино өнерінің шығармасына толыққанды мінездеме беруге қабілеті бар екендігін, режиссердің ойын, актерлер ойынын, суретшінің және оператордың т.б. жұмысын ашып көрсетуге талпынуы тиіс. Рецензия жазу кезінде талапкер өзінің жазу қабілетінің деңгейін, эстетикалық талғамын, таңдаған мамандығына деген ынтасын көрсетеді.

2) Әдеби драматургиялық этюд жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы жазбаша жұмыстың (шығарманың) негізгі идеясын түсіну керек (өзіндік мәтін, әңгіме, өлең, драматургиялық оқиға) және мұнда адам және табиғат әлеміне өзіндік көркем көзқарасы аңғарылуы тиіс. Жазбаша жұмыстан (шығармадан) оқушының әдеби дарыны, эстетикалық талғамы, таңдаған мамандығына қызығушылығы көрініп тұруы қажет.

Драматургиялық этюд – шағын ғана, бас-аяғы бар, экранға ыңғайланған оқиға. Бұл талапкердің біреуден естіген, көрген я болмаса өз басынан өткізген оқиғасы болуы мүмкін. Бұл ойдан шығарылған, оқиғасы өткен заманда, қазіргі кезде немесе болашақта өрбитін оқиға болуы мүмкін. Драматургиялық этюд тақырыбын өзі таңдайды, жанрлық шектеу қойылмайды.

Жазбаша жұмыста (шығармада) шиеленіс, қым-қиғаш, жарқын оқиғалар болуы керек. Әр оқиғаның басы мен аяғы, байланысы болуы шарт, кез келген әрекет әрі қарай дамып, қақтығыс, яғни, кейіпкерлердің шиеленісуі болып, әр әңгіменің шырқай шегі мен аяғы болуы тиіс. Баяндалған оқиғаны көзге елестете алу керек.

Киноэтюдтегі кейіпкерлер саны, әдетте, аз: екі-үшеу. Киноэтюдті жаза отырып, оқушы драматургиялық, монтажды ойлау жүйесін, пластикалық кеңістік құру мүмкіндігін, ұшқыр қиялын көрсете алуы тиіс.

3) Спектакльге рецензия жазу.

Жазбаша жұмыстарға (шығармаларға) қойылатын талаптар:

Студент немесе оқушы рецензия жазу барысында спектакльдің идеясы мен драматургиялық құрылымының ерекшелігі туралы өзіндік түсінігін, театр қойылымдарына толыққанды мінездеме беруге қабілеті бар екендігін, режиссердің ойын, актерлер ойынын, суретшінің т.б. жұмысын ашып көрсетуге талпынуы тиіс. Рецензия жазу кезінде оқушы өзінің жазу қабілетінің деңгейін, эстетикалық талғамын, таңдаған мамандығына деген ынтасын көрсетуі қажет.

Жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) бұдан басқа да кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) мазмұнына қойылатын талаптар:

- Жазбаша жұмыс (шығарма) жоғары оқу орны, колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орны, колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз шығармасында журналистика саласы бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 5 беттен аспайтын мақала мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Жазбаша жұмыстың (шығарманың) сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жазбаша жұмыстың (шығарманың) жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілген «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланған авторларға Дипломдар тапсырылады.

«Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткеннен кейін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы оқу-кеңестері беріледі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Ғылыми жұмыс жариялау үшін жарна».

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жазбаша жұмыстар (шығармалар) қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жазбаша жұмыстар (шығармалар) әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+77013971713, +77071105027, +77021059753.

Ескерту:

Құрметті «Өнерлі өрге жүзер» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жазбаша жұмыстарды (шығармаларды) жолдауларыңызды;

2. Жазбаша жұмыстардың (шығармалардың) авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!


Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.