Барлық жаңалықтар

БІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫМЫЗҒА ISSN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫҚ СЕРИЯЛЫҚ НОМЕРЛЕРІ БЕРІЛДІ

Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан ISSN Халықаралық орталығы Библиографиялық ақпараттық мәліметтер бөлімінің өкілі Ирина Стрельникова-Naulin (Mrs) ханымнан «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ISSN Халықаралық стандарттық сериялық номерлері берілгені туралы ғылыми журналдардың бас редакторы Мырзантай Қожабайұлы Жақыпқа арнайы хабарлама келді.

Толығырақ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫҢ БАС РЕДАКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2013 жылдың 5 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Әзтайұлы Ырсалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми журналдарының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыпты қабылдады.

Толығырақ

Жаңалықтар

08.01.2019
Предлагаем открыть в новом IT-университете Астаны специализированные кафедры и факультет по направлению «Журналистика и информация», и закрыть региональные кафедры журналистики в Казахстане с 2019 года, по примеру Узбекистана
03.01.2019
Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталы» мекемесіне еліміздің жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.
03.01.2019
Құрметті педагог қызметкерлер, мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары, балалар бақшасының тәрбиешілері, магистранттар, студенттер, оқушылар және олардың ғылыми жетекшілері! Сіздерді өздеріңіздің ғылыми жұмыстарыңызды «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында БАРЛЫҚ ПӘНДЕР, МАМАНДЫҚТАР МЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектеріңізді, сонымен бірге әдістемелік жұмыстарыңызды жариялауға шақырамыз.