Барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің http://www.edu.gov.kz сайтында Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға құжаттарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат жарияланды.

Толығырақ

ЕЛІМІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІН ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАНТТАР КҮТІП ТҰР

2013 жылдың 2 тамызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.