Барлық жаңалықтар

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлеріне үндеуі

Аса құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» бекітілген болатын.

Толығырақ

«ЗЕРТТЕУШІ» ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАР

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Үздік педагог-зерттеуші», «Үздік жас ғалым» және «Үздік жас қаламгер» конкурстарына 2013-2014 оқу жылының 30 қарашасына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Зерттеуші – Исследователь – The Researcher» журналының 2013 жылғы №№7-9(87-89) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

Жаңалықтар

20.03.2019
Кеше, 2019 жылғы 19 наурыз күні, кешкі сағат 19-да Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз (Ұлт көшбасшысы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикалық телеарналар арқылы еліміздің халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.
15.03.2019
Оңтүстік өңірі жұртшылығының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған, Мырзашөлде жаңа облыс ашылып, бұрынғы Асықата ауданы қайта құрылуын өтінген хаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жолданды.
13.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.