Барлық жаңалықтар

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖАҚСАРТУ

2013 жылдың 8 қарашасында министрліктер мен ұлттық компаниялар баспасөз қызметкерлеріне арналып Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз орталығында өткізілген «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбындағы семинарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Қожабайұлы Жақып қатысып, «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың теориялық және тәжірибелік ерекшеліктері» атты баяндама жасады.

Толығырақ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығығылыми журналдарының ғылыми редакторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ләззат Байқоңырқызы БайболатАстана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуды жетілдіру» атты семинарға қатысты.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.