Барлық жаңалықтар

Аса құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» бекітілген болатын.

Толығырақ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждердің студенттері және мектептерінің оқушылары арасында еркін тақырыптар бойынша«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» аттыжазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.