Барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ, МАГИСТРАНТТАРДЫ, СТУДЕНТТЕРДІ, ОҚУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІЛЕРІН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Сіздерді өздеріңіздің ғылыми жұмыстарыңызды сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) тіркелген және халықаралық ISSN номерлері берілген төмендегі қазақстандық халықаралық ғылыми журналдарда БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР МЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектеріңізді қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай, араб, француз және түрік тілдерінде жариялауға шақырамыз:

Толығырақ

БІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫМЫЗҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРЫН МАГИСТРАНТТАР ҚАЛАЙ РӘСІМДЕГЕНІ ЖӨН?

Еліміздің жоғары оқу орындарында магистратура жүйесі бойынша білім алып жүрген жастар өздерінің магистрлік диссертацияларының негізгі нәтижелері бойынша жазылған мақалаларын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарында жариялау үшін ұсынатын кезінде мына төмендегі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.