БАРЛЫҚ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ «ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫНДА ӨЗДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің тікелей ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларына 2016 жылғы 19 шілдедегі №11-4/302 түсіндіру хатын жолдаған еді.

Министрлікке қарасты Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің жоғарыда аталған түсіндіру хатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес сараптау комиссиялары мен аттестаттау комиссияларының қарауына ұсынылатын меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарының құжаттары тең құқықта жарамды екені айтылған болатын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» 28-ші тармағына сәйкес педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері де қоса ұсынылады.

Осыған орай, аттестаттаудан өткізілетін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды – балалар бақшаларының тәрбиешілері мен қызметкерлерін, мектептердің мұғалімдерін, колледждердің оқытушыларын, оқушылар үйлерінің қызметкерлерін және басқа да педагогтарды «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің ғылыми журналдарында өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жариялауға шақырамыз.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі – ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру және редакциялық-баспа саласындағы коммерциялық емес ұйым.

Мекеме Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 23 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден, 2010 жылдың 12 қарашасында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №28373-1958-М-е, БСН 081240014093).

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің құрылтайшылығымен мынадай ғылыми журналдар жарық көріп келеді:

- «Зерттеуші – Исследователь – The Researcher» (Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher) ғылыми журналы;

- «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» (Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research) ғылыми журналы;

- «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования – Science and education century»(Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century) ғылыми журналы;

- «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital»(Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital) ғылыми журналы;

- «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых – Messenger of young scientist»(Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist) ғылыми журналы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша педагог қызметкерлердің аттестаттаудан сәтті өтуі және жоғары біліктілік санаттарына қол жеткізуі үшін мұғалімдер мен оқушылар жазған ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдар мен мақалаларды, ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстарды, шығармаларды «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің ғылыми журналдарында жариялаймыз.

Сондай-ақ педагогтар мен оқушыларды біздің Республикалық конкурстарымызға қатысуға шақырамыз:

- Колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсы;

- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсы;

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсы;

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсы;

- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсы;

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық оқу мамандықтары мен пәндері бойынша Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша «ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ТІЛ» атты ғылыми жұмыстар конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты ғылыми жұмыстар конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша«ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» аттышығармалар конкурсы;

- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы дарынды жастарды анықтау мақсатында Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» шығармалар конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «География» пәні бойынша Республикалық «ГЕОГРАФИЯ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» атты ғылыми жұмыстар конкурсы;

- Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша «САЯСАТТАНУ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ» атты ғылыми жұмыстар конкурсы.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің ғылыми журналдарында жариялау үшін ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдар мен мақалалар, ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстары, шығармалар ағымдағы оқу жылының ішінде үздіксіз қабылданады.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ғылыми журналдың кезекті нөміріне ұсыну үшін әр айдың 15-іне дейін тапсырып үлгерулеріңіз керек.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, БИН 081240014093, «Казкоммерцбанк» АҚ, есепшот номері KZ47 9261 5011 5395 6000, БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 861, «Білім беру қызметі».

Сіздерге қажетті және пайдалы ақпараттар Интернеттегі zertteushi.kz сайтымыздың «Аттестаттау» және «Конкурстар» бөлімдерінде жарияланған.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

E-mail: info@zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң журналдар және Грамоталар авторларға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Конкурстарға қатысушы оқушылар және олардың ғылыми жетекші ұстаздарынан:

- Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің ғылыми жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған ғылыми жоба жұмыстарын жолдауларыңызды;

- Ғылыми жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

Сіздерден Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесіне байланысты Облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармаларына 2016 жылғы 19 шілдедегі №11-4/302 түсіндіру хатымен бірге жолданған «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің хатын аудандық және қалалық Білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлеріне, орта білім ұйымдарының басшыларына, педагог қызметкерлерді аттестаттау комиссияларының басшылары мен мүшелеріне жеткізулеріңізді сұраймыз.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

26.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.
24.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
22.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» және «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы» конкурстарына 2017 жылдың 15 мамырына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» журналының 2016 жылғы шілде-желтоқсан, №№7-12(109-114) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.