ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ОЛАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Талантты педагог қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату;

- Қазақстан колледждері оқытушылары мен мектептері мұғалімдерінің, балалар бақшалары тәрбиешілерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес біліктілік деңгейін жоғарылатуына көмектесу;

- Қазақстан колледждерінің оқытушылары мен мектептері мұғалімдерінің, балалар бақшалары тәрбиешілерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ғылыми журналдарда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Жұмыс педагог қызметкердің өзі жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Педагог қызметкер өз жұмысында сабақ беретін пәні бойынша жұмыс тәжірибесі мен терең дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің, мектептің немесе балалар бақшасының орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға Грамоталар тапсырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, БИН 081240014093, «Казкоммерцбанк» АҚ, есепшот номері KZ47 9261 5011 5395 6000, БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 861, «Білім беру қызметі».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

E-mail: info@zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң журнал және Грамоталар авторларға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «Колледж оқытушыларының үздік әдістемелік жұмысы» конкурсына қатысушы ұстаздар, тәрбиешілер, педагог қызметкерлер!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; шын мәнінде өздеріңіз жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарыңызды жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторларының фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

16.04.2018
На днях в социальных сетях и средствах массовой информации была опубликована копия протокола совещания межведомственной рабочей группы, проходившего 27 марта 2018 года в городе Шымкент под председательством заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан А.И. Лукина с повесткой дня: «Обеспечение безопасности и правопорядка в период переноса областного центра в город Туркестан и придания городу Шымкент республиканского статуса».
11.04.2018
Кеше, 2018 жылғы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Бейсенбаевты тағайындағаны туралы ресми ақпарат жарияланды.
02.04.2018
Өткен аптада кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.И. Лукиннің төрағалығымен 2018 жылғы 27 наурыз күні Шымкент қаласында «Облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және Шымкент қаласына республикалық мәртебе беру кезеңінде қауіпсіздікті және құқық тәртібін сақтау» деген күн тәртібімен өткізілген ведомоствоаралық жұмыс тобы мәжілісі хаттамасының көшірмесі жарияланды.