Құрметті достар! Қуанышты хабар! ZERTTEUSHI.KZ САЙТЫ ҒЫЛЫМИ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫ БОЛЫП ЕСЕПКЕ ҚОЙЫЛЫП, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 15 МАУСЫМДАҒЫ № 17170-СИ КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.

Өткен аптаның жұмасы күні http://zertteushi.kz/ сайты ғылыми желілік басылымы болып есепке қойылып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілді.

Желілік басылым дегеніміз – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқыту, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету жұмыстарын іске асыруға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің мәні: экономика және білім беру салаларында елеулі орын алуға қабілетті жастардың зерделілік әлеуетін дайындауға ықпал ету.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің мақсаты:

1) Білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу;

2) Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сапалы білім беру қызметін ұсыну;

3) Білім беру қызметі нарығының сұраныстарын зерттеу негізінде тыңдаушыларды оқытудың басымды бағыттарын анықтау;

4) Оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу;

5) Қосымша білім беру ұйымдарының жаңа перспективалық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды өткізу;

6) Ересектерге арналған қосымша білім беру саласында кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға консультациялық және ақпараттық қызмет көрсету;

7) Кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткізудің түрлері мен нысанын, оқыту әдістері және технологияларын жетілдіру және дамыту;

8) Профессорлық-оқытушылық құрамның сапасын жақсарту, олардың кәсіби, арнайы және жалпы мәдени деңгейін арттыру;

9) Технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптардың тұрақты артуын ескере отырып жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

10) Бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;

11) Еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің міндеттері:

1) Білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығын қамтамасыз ету;

2) Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізуге жағдайлар жасау, мамандардың кәсіптік дағдыларын жетілдіру және арттыру;

3) Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіне оқытудың заманауи әдістерін енгізу;

4) Білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

5) Оқу-әдістемелік жұмыстардың ең үздік отандық және шетелдік тәжірибелерін зерттеу, жинақтау, енгізу және алмасу;

6) Теориялық оқыту мен өндірістегі оқыту және еңбек нарығының сұраныстары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және қоғамда әрбір адамның білімге негізделген өз әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүкіл өмір бойы оқыту жүйелерін дамыту;

7) Білім алушылар арасында кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;

8) Жұмыстардың белгілі бір түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыларға ие болу үшін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сапалы кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

9) Басқа кәсіптік немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін маман жұмысшыларды, қызметшілерді кәсіптік оқыту;

10) Бұрын алынған кәсіптік білім, білік және дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру үшін азаматтардың біліктілігін арттыру;

11) Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

12) Кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;

13) Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн заңды тұлға міндетін атқару;

14) Жеке адамның кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсету мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;

15) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу;

16) Ғылыми монографиялар, жинақтар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми журналдар, газеттер басып шығару;

17) Дарынды балалар мен жастарды оқытуға арналған жалпы білім, мамандандырылған, кәсіптік, қосымша білім беретін және басқа оқу бағдарламаларын іске асыру;

18) Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған дайындық курстарын және қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

19) Мектеп оқушылары, студенттер, жас ғалымдар және педагог қызметкерлер арасында шығармашылық жұмыстар конкурстарын және ғылыми жоба жарыстарын ұйымдастыру;

20) Білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру;

21) Педагог қызметкерлерге, жас ғалымдарға, жас мұғалімдерге, студенттерге және мектеп оқушыларына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, заңдық және құқықтық кеңес беру;

22) Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

23) Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру.

«zertteushi.kz/» ғылыми желілік басылымымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

http://zertteushi.kz/

 

Кез келген материалды пайдалануға http://zertteushi.kz/ ғылыми желілік басылымына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

10.12.2018
Жақында, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуіне Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен біз де қатысқан едік.
29.11.2018
Кеше, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысқанын еліміздің барлық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жедел түрде хабарлап, жазып жатыр. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуінде біз де болдық. Осы орайда, Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсерімізбен қысқаша бөліскенді жөн көріп отырмын.
26.11.2018
Елі сүйген, елін сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жатқан Мырзашөл өңірінің игерілу тарихын терең зерттеуге кеңінен жол ашып отыр.