МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖЕТКІЛІКТІ ДӘРЕЖЕДЕ МЕ?

Жақында «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі «2015 жылдың 1 қаңтарынан жоғары санаттағы мұғалімдер жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайды», - деп хабарлады.

«ҚазАқпараттың» ақпаратына сүйенсек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі жоғары санатты мұғалімдердің жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайтын болады. 2014 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева осылай мәлім етті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауда жүктеген тапсырмасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін әзірлеген болатын. Осыған орай, жауапты хатшы азаматтық қызметшілерге жалақы төлеудің қолданыстағы жүйесі мен жаңа жүйенің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. «Айталық, білім беру саласында жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы биылғы жылдың 1 қаңтарында үстемеақысыз, негізгі бөлігі 68 мың 664 теңге болды. Ал 1 сәуірдегі 10 пайыздық өсімнен кейін олардың жалақысы 73 мың 761 теңгені құрады. Яғни, бұл жоғары санаттағы мұғалімнің негізгі жалақысы, бұған үстемеақылардың қосылатынын ескеру керек. Ал ұсынылып отырған жаңа жүйеге келсек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары санаттағы мұғалімнің негізгі жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайтын болады. Бұл – негізгі жалақы, оған үстемеақы қосылады», - деді А. Құрманғалиева. Оның айтуынша, жаңа жүйеге сәйкес, мұғалімдер жалақысы 33 пайызға өсетін болады. «Осылайша, Елбасының мұғалімдер жалақысын көтеру туралы тапсырмасы келер жылдан бастап жаңа жүйеге сәйкес жүзеге асатын болады», - деді Жауапты хатшы (http://inform.kz/kaz/article/2669414).

Сонымен бірге «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауының «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 51-бабына сәйкес педагог қызметкердің жеке педагогтік қызметпен шұғылдануға құқығы бар.

Жоғарыда аталған Заңның 37-1-бабы бойынша:

«Жеке педагогтік қызмет:

1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды».

 

Кез келген материалды пайдалануға «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.