ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСҚА БӨЛІНГЕН 657,9 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Ертең – 2018 жылғы қарашаның 7-інде өткізілейін деп отырған Түркістан облыстық VIII Азаматтық Форумы қарсаңында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа арналған сауал

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бізге жолдаған ресми хатында 2018 жылдың қараша айының 9-ына жоспарланғаны жазылған Түркістан облыстық VIII Азаматтық Форумы Түркістан қаласының Есімхан атындағы алаңында орналасқан Мәдениет үйінде алғашқы белгіленген мерзімінен екі күн бұрын, 7 қарашада өткізілетін болыпты.

2018 жылғы 18 қазанда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бізге жолдаған ресми хатында мынадай мәліметтер келтірілген екен:

«Облыста мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен арасындағы байланыс әріптестік деңгейде атқарылуда.

Облыс әкімдігінің қаулысымен «Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» жұмыс жасайды. Кеңес мүшелерінің жартысы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылады.

Сонымен қатар, барлық аудан, қалаларда аудандық, қалалық кеңестер жұмыс атқарады.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарын сараптап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына бағыт-бағдар жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың Азаматтық Форумы 2 жылда бір рет өткізіледі.

Облыстық VIII Азаматтық Форум 2018 жылдың қараша айының 9-ы күні Түркістан қаласында өткізу жоспарланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы құрамында 45 үкіметтік емес ұйым, 27 бизнес құрылым енген «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығымен тығыз байланыста бірлесе жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта да облыстағы азаматтық қоғам институттарымен байланыс әріптестік деңгейде жүргізу жалғасын табатын болады».

https://dialog.egov.kz/blogs/all-questions/517999#answers

Сондай-ақ, 2018 жылғы 02 қарашада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бізге жолдаған ресми хатында:

«Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдармен 5 басқарма және аудан, қала әкімдіктері жұмыс атқарады. 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша облыстық бюджеттен 446,1 млн. теңге, қалалық, аудандық бюджеттерден 211,8 млн. теңге қаржыға электронды түрде конкурс жарияланып өткізілді», - деп жазылған.

https://dialog.egov.kz/blogs/all-questions/517514#answers

Осы орайда, ертең – 2018 жылғы қарашаның 7-інде өткізілейін деп отырған Түркістан облыстық VIII Азаматтық Форумын ұйымдастырушы азаматтардың назарына мынадай мәліметтерді ұсынып отырмыз.

Астана қаласындағы біздің «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі – 2008 жылғы 23 желтоқсаннан бері білім және ғылым саласында қызмет істеп келе жатқан Үкіметтік емес ұйым.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Үкіметтік емес ұйымы тиісті заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне қарасты Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген.

Біздің «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Үкіметтік емес ұйымы кейінгі үш жылдың ішінде ғана өзіміздің жеке қаражатымызбен тікелей Түркістан облысының тұрғындарына арналған мынадай жұмыстарды жүзеге асырдық:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының Мақтаарал ауданының атауының қазақ тіліндегі жазылу транскрипциясын нақтылап, Мақтаарал деп «Мақта» және «арал» деген екі сөздің түбірі сақтала отырып жазылып, қазіргі қатені өзгерту бойынша тиісті іс-шараларды қабылдауына ықпал еттік;

- Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облыстық әкімдігінің Мақтаарал ауданының атауының қазақ тіліндегі жазылу транскрипциясын нақтылап, Мақтаарал деп «Мақта» және «арал» деген екі сөздің түбірі сақтала отырып жазылып, қазіргі қатені өзгерту бойынша тиісті іс-шараларды қабылдауына ықпал еттік;

- 1997 жылы бір ғана «а» әрпімен қате жазылып кеткен Мақтаарал ауданының тарихи атауын ресми түрде дұрыс жазу қажеттігі мәселесі бойынша еліміздің Үкіметіне бірнеше рет ұсыныс-пікірлер жолдадық.

Соның нәтижесінде бүгінде ауданымыздың ресми атауы Мақтаарал деп екі «а» әрпімен дұрыс жазылатын болды;

- Түркістан облысының білім басқармасының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерінде арнайы іс-шаралар өткізіп, мұғалімдер мен оқытушыларға «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары», «Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары» бойынша ақпараттық жұмыстар жүргіздік;

- Түркістан облысының білім басқармасының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерінде «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүзеге асырып жатқан жұмыстарын қоғам, ата-аналар мен білім алушылар арасында кеңінен түсіндіру бойынша іс-шараларын жүргіздік;

- Мақтаарал ауданындағы жұмыс іздеген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің тиісті шешімдер қабылдауына ықпал еттік;

- Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа арнайы хат жазып, Мақтаарал ауданындағы Жамбыл ауылдық округі Абай елді мекеніндегі орналасқан Жамбыл атындағы орта мектепке баратын көшені ағымдағы жөндеуден өткізу үшін биылғы жылы сметалық құжаты жасалып, 2018 жылға қаржы қарастыруға ұсынылуына ықпал еттік;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары Комитетінің алдына арнайы мәселе қою арқылы Мақтаарал ауданындағы жерлердің мелиоративтік режимдерін реттеуге, тиісті жобалардың сараптамадан өткізілуіне, т.б. ықпал еттік;

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алдына Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерін, яғни білім беру мекемелерін компьютермен толық қамтамасыз ету; Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерін, яғни білім беру мекемелерін сапалы Интернет байланысымен толық қамтамасыз етуге ықпал етіп, жоғарыдағы өзекті мәселелер бойынша тиісті нақты шешімдер қабылдауына ықпал еттік.

Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Мақтаарал ауданының білім беру мекемелерін компьютермен және сапалы Интернет байланысымен толық қамтамасыз етуге қатысты мәселе қарастырылып, Мақтаарал ауданының білім беру мекемелерін компьютермен және сапалы Интернет байланысымен қамту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіндегі «Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылуына ықпал еттік;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алдына арнайы мәселе қойып, Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерін, яғни білім беру мекемелерін компьютермен толық қамтамасыз ету; Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерін, яғни білім беру мекемелерін сапалы Интернет байланысымен толық қамтамасыз ету; Мақтаарал ауданының мектептері мен колледждерін, яғни білім беру мекемелерін 2017-2018 жылдардағы жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің және Талапкерлерді кешенді тестілеудің барлық пәндері бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдарымен толық қамтамасыз етуге ықпал еттік;

- 1997 жылы бір ауданға біріктіріліп жіберілген бұрынғы Мақтаарал, Жетісай және Асықата аудандарының қайтадан бөлініп, бұрынғы тарихи қалпына келтірілуін сұрап, Қазақстан Республикасының Президентіне, еліміздің Парламенті мен Үкіметіне бірнеше рет мәселе қойдық.

Соның нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 698 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Мақтаарал ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, əкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы құрылды;

- Мырзашөл өңірін қоныстанып отырған қарапайым қара халықтың мұң-мұқтаждарын оң шешу мәселесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде талдамалы-сараптамалық мақалалар жариялап келе жатырмыз;

- «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Үкіметтік емес ұйымының жеке қаражатымен Интернет желісінде «МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ. Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған http://maqtaaral-bilim.kz/ атты арнайы Интернет-ресурс ашып, оны «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымы» деген ресми атаумен тіркеуден өткізіп, оған Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілді;

- Бүгінде осы «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында» Мақтаарал ауданының ұстаздары мен мектеп оқушыларына, колледждер мен университет студенттеріне арналған әдістемелік көмек беретін ақпараттық материалдар жарияланып келеді;

- 2018 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында тікелей Түркістан облысындағы Мақтаарал және Жетісай аудандарына қатысты 3 (үш) әлеуметтік жоба жарияладық.

Ол әлеуметтік жобалар мыналар:

- «Ауылды қалаға айналдырайық! Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент, Атакент және Асықата кенттерінің брендингі бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу» атты әлеуметтік жоба;

- «Оңтүстік Қазақстан облысының Мырзашөл өңірінің тарихын зерттеу» (1867-2018)» атты әлеуметтік жоба;

- «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу» атты әлеуметтік жоба;

- 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік;

- Қазіргі күндері Мырзашөл және Шардара өңірлерінің халқы облысымыздың жаңа ресми әкімшілік орталығы Түркістан қаласынан өте қашықта орналасуына байланысты еліміздің Президенті мен Үкіметінің атына Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сарыағаш және т.б. қала, аудандардың есебінен өз алдына бөлек жаңа облыс құру туралы ұсыныстар жолдап, жергілікті қарапайым қара халықтың қолдауына ие болып отырмыз.

Өкінішке қарай, Астана қаласында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Үкіметтік емес ұйымы өзінің есебінен Елордамыздан Мырзашөл өңіріне арнайы барып, жүзеге асырған жоғарыда атап көрсетілген іс-шараларымызға Түркістан облыстық әкімдігі тарапынан ешқандай да қолдау көрген жоқпыз.

Өзімізге деген осындай салқын көзқарастан кейін «2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Түркістан облыстық бюджеттен 446,1 млн. теңге, қалалық, аудандық бюджеттерден 211,8 млн. теңге қаржы қайда жұмсалып жатыр?» деген сұрақ еріксіз туындайды екен.

Мүмкін, біздің бұл сауалымызға ертең – 2018 жылғы қарашаның 7-інде өткізілейін деп отырған Түркістан облыстық VIII Азаматтық Форумы кезінде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың өзі жауап беретін шығар деп үміттенеміз.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры.

Астана қаласы.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

 

Жаңалықтар

10.12.2018
Жақында, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуіне Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен біз де қатысқан едік.
29.11.2018
Кеше, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысқанын еліміздің барлық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жедел түрде хабарлап, жазып жатыр. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуінде біз де болдық. Осы орайда, Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсерімізбен қысқаша бөліскенді жөн көріп отырмын.
26.11.2018
Елі сүйген, елін сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жатқан Мырзашөл өңірінің игерілу тарихын терең зерттеуге кеңінен жол ашып отыр.