МАГИСТРАНТТАР ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРЫН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ЖУРНАЛДАРДА ҒАНА ЖАРИЯЛАУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС

Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.

Қазіргі кезде «ВАК» деген мекеме немесе ұйым жоқ. Бұрынғы «ВАК-тың» (бұл – «Высшая Аттестационная Комиссия немесе Комитет» деген сөз тіркесінің қысқартылған түрі) қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті атқарады.

Біздің екі журналымыз: «Зерттеуші – Исследователь» және «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналдары жоғарыда аталған Комитеттің 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі арнайы Тізімінде болған. Қазірше біздің журналдарымыз Комитеттің қазіргі Тізбесіне әлі енгізілмеген. Бірақ келешекте енгізіледі деп үміттенеміз.

Еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алушылардың мақала жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары бойынша реттеледі.

Аталған стандарттың «Магистратура» атты 1-бөлімінің талаптарына сәйкес магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады және магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жариялануы тиіс.

Яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (1-бөлім. Магистратура): «Магистранттар мақалаларын міндетті түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда ғана жариялауы қажет», - деген міндетті қағида жазылмаған.

Олай болса, магистранттар өздерінің мақалаларын ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің арнайы Тізбесіндегі ғылыми журналдарда жариялауға міндетті емес. Магистратурада білім алушылар өздерінің мақалаларын кез-келген ғылыми басылымдарда, оның ішінде біздің ғылыми журналдарымызда да жариялауға құқығы бар. Және біздің ғылыми журналымыз сияқты басылымдарда жарияланған мақалаларды магистратураға байланысты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қабылдауға міндетті.

Магистранттардан міндетті түрде Комитеттің арнайы Тізбесіне енгізілген ғылыми журналдарда ғана мақала жариялауды талап етіп жүрген ғылыми жетекшілердің талаптары заңсыз болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің магистратураға байланысты стандартында немесе тиісті Ережелерінде мұндай талап жоқ. Тек қана PhD докторантурасында оқитындардан, қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атағын алуға үміткерлерден ғана Комитеттің бұрынғы және қазіргі Тізіміндегі ғылыми журналдарында мақала жариялау талап етіледі.

Сол себепті егер Сіздер магистрант болсаңыздар, біздің журналдарымызға өз мақалаларыңызды ұсына аласыздар.

Осыған орай, Сіздерді өздеріңіздің ғылыми жұмыстарыңызды сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) тіркелген және халықаралық ISSN номерлері берілген төмендегі қазақстандық халықаралық ғылыми журналдарда БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектеріңізді қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жариялауға шақырамыз:

«Зерттеушi – Исследователь – The Researcher» (Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher) – журнал 2006 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді. ISSN 2307-0153.

«Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» (Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research) – журнал 2007 жылдың шілде айынан бастап жарық көріп келеді. ISSN 2307-017X.

«Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования – Science and education century» (Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century) – журнал 2009 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді. ISSN 2307-0188.

«Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital» (Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital) – журнал 2010 жылдың сәуір айынан бастап жарық көріп келеді. ISSN 2307-020X.

«Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых – Messenger of young scientist» (Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist) – журналдың негізі «Жас зерттеуші – Молодой исследователь» деген атпен 2007 жылдың шілдесінде қаланып, 2010 жылдың сәуірінде қайта есепке алынған. ISSN 2307-0250.

Ғылыми журналдарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын және (немесе) ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы куәліктері берілген.

Меншік иесі және баспагер:

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген. Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013ж.

Ғылыми журналдарды тарату аумағы:

Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.

Журналда бір мақала жариялау жарнасының мөлшері:

Қазақстан Республикасында тұратын авторлар үшін:

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Жақын және алыс шетелдерде тұратын авторлар үшін:

100 (жүз елу) АҚШ доллары.

Ғылыми мақалалар жариялау үшін жарнаны мына есепшотқа аудару қажет:

Біздің банктегі есепшоттарымыз

KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, БИН 081240014093, есепшот KZ479261501153956000, БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Журналда ғылыми мақала жариялау».

USD: Republican Scientific-Educational Center Zertteushi (Respublikanski nauchno-obrazovatelnyi centr Zertteushі), KZ209261501153956001, BIN 081240014093, Kazkommertsbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX, Bank of New York, New York, USA, IRVT US 3N, «Publication in a scientific journal article».

Ғылыми мақалалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек.

Мақала жарық көрген соң журнал нөмірі авторға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін http://zertteushi.kz сайтымыздан «Магистранттар үшін» атты арнайы бөлім ашып отырмыз. Осы бөлімдегі «Мақала жариялау ережесі» атты айдар бойынша жарияланған ақпараттармен мұқият танысып, мақалаңызды сол талаптарға сай етіп жолдайтын болсаңыз, мақалаңызды жедел түрде жариялауға дайынбыз.

Егер сұрақтарыңыз туындап жатса, біздің электрондық поштамызға жолдай аласыздар.

E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: http://zertteushi.kz

Журналдың алдағы нөмірінде жариялау үшін мақалалар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

26.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.
24.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
22.05.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» және «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы» конкурстарына 2017 жылдың 15 мамырына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» журналының 2016 жылғы шілде-желтоқсан, №№7-12(109-114) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.