БҰЛ УНИВЕРСИТЕТ ҮЗДІКТЕРДІ ТЕГІН ОҚЫТАДЫ!

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биылғы 2014-2015 оқу жылында мектептер мен колледждерді бітіргелі отырған жас ұрпақ өкілдеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы мен Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырып отырған «Түркістан төрінде білім ал, жас талапкер!» атты бірлескен арнайы PR-жобасы бойынша ұсынылған бүгінгі ақпаратымызда аталған жоғары оқу орны үздік білім деңгейін дәлелдеп, жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді тегін оқытатынын айтқымыз келеді.

Биылғы жылы орта және арнаулы орта білім беру мекемелерін бітіріп, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне құжат тапсырған түлектерге арнап олардың осында тегін білім алуы үшін Түркия Республикасы тарапынан арнайы гранттар бөлініп, барлығы 411 орын қарастырылған болатын.

2014 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу және Кешенді тестілеу сынақтарын сәтті тапсырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген, алайда, мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген орындардың саны шектеулі болуына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім беру гранттарын иеленуге ұпай саны жетпей қалған талапкерлер үшін 200 орын берілді.

Бұл орындарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы тізімі бойынша еліміздің барлық өңірлерінен келген 99 талапкер оқуға қабылданды.

Олардың ішінде ерекше жоғары нәтиже көрсеткен 5 «Алтын белгі» иегері бар.

Сонымен бірге 100 орын Қазақ-Түрік лицейлерін бітірушілерге берілді, оған 19 талапкер келді.

Ал 35 орын Халықаралық және Республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлеріне берілді, оған 12 олимпиада жүлдегері оқуға қабылданды.

Сол секілді 12 орын Әлемдік, Азия аймағы, Республика деңгейлерінде өткізілген сайыстарда жүлдегер атанған спорт саңлақтарына берілді.

Түркия Республикасы тарапынан арнайы бөлінген осы орындардан артылған білім беру гранттарын қосқанда, барлығы 252 орынды бөлуге арналған конкурс университетке жалпы негізде құжат тапсырған талапкерлер арасында өткізілді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі мен арнайы ережелерінің негізінде және талапкердің өзі таңдаған бейіндік пәніне сәйкес 4 мамандық бойынша жүргізілді.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттар Түркия Республикасы тарапынан мектептер мен колледждерді алдағы жылы бітіретін үздік түлектер үшін, 2015-2016 оқу жылына да арнайы бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Осыған байланысты жоғары оқу орнына оқуға қабылдау, университеттің мамандықтары жөніндегі сұрақтарыңызға нақты жауаптарды мына мекен-жайға келіп, анықтап, білулеріңізге болады:

Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, №29, Университет қалашығы, №2 ғимарат, 218 кабинет, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кәсіби бағдар бөлімі.

Университеттің ғаламтордағы Интернет-ресурсы – http://iktu.kz/

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби бағдар бөлімінің байланыс телефондары: 8 (725-33) 6-36-90.

«Түркістан төрінде білім ал, жас талапкер!» атты бірлескен арнайы PR-жобасын жүзеге асырушылар:

Мырзантай ЖАҚЫП,

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты (PhD), доцент (of Associate Professor), Астана қаласы.

Ақәділ АЛАЙДАРОВ,

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби бағдар бөлімінің маманы, заң ғылымдарының магистрі, Түркістан қаласы.

05 желтоқсан, 2014 жыл.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.06.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
26.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
21.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.