«БОЛАШАҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін, 2014 жылдың 22 қазаны күні «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткізілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты Республикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Республикалық конференцияны Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Нұрсұлтанұлы МАҚАШЕВ ашып, жүргізіп отырды.

Аталған жиында сөз алып, өзінің әлеуметтік кәсіпкерлік және оның елімізде қалыптасып, даму барысы туралы пікірлерін ортаға салған «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП мынадай мәселелерге тоқталды:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңының 33-ші бабы бойынша коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiн кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.

Атап айтқанда, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы болып табылады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің мақсаты:

1) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу;

2) Ғылыми монографиялар, жинақтар, оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми журналдар, газеттер басып шығару;

3) Дарынды балалар мен жастарды оқытуға арналған жалпы білім, мамандандырылған, кәсіптік, қосымша білім беретін және басқа оқу бағдарламаларын іске асыру;

4) Мектеп оқушылары мен студенттерге арналған дайындық курстарын және қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

5) Мектеп оқушылары, студенттер, жас ғалымдар және педагог қызметкерлер арасында шығармашылық жұмыстар конкурстарын және ғылыми жоба жарыстарын ұйымдастыру;

6) Білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру;

7) Педагог қызметкерлерге, жас ғалымдарға, жас мұғалімдерге, студенттерге және мектеп оқушыларына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, заңдық және құқықтық кеңес беру.

Ал «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 51-ші бабы бойынша педагог қызметкердің жеке педагогтік қызметке құқығы бар.

Аталған Заңның «Жеке педагогтік қызмет» атты 37-1-ші бабына сәйкес табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.

Осы Заңның «Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер» атты 46-шы бабында білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алатыны атап көрсетілген.

Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдардың білім және ғылым саласында жұмыс істейтін, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарға деген сенімсіздік дейгейі өте жоғары болып отыр.

Сонымен бірге коммерциялық емес ұйымдар тарапынан білдіріліп жатқан білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдардың осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстары мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін одан әрі жақсарта түсу жөніндегі ұсыныстарына жеткілікті түрде назар аударылмайды.

Қорыта айтқанда, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік саласы әлі де заңдық-құқықтық тұрғыдан жеткілікті нақтыланбаған және қорғалмаған, білім және ғылым саласында қызмет істейтін коммерциялық емес ұйымдарға, жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік органдар тарапынан қамқорлық жасау жағы жоқтың қасы, өзара қарым-қатынас дами қоймаған.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

25.05.2018
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында жарияланған «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөл өңірінің тарихын зерттеу (1867-2018)» атты әлеуметтік жобасымен танысыңыздар!
23.05.2018
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында жарияланған «Ауылды қалаға айналдырайық!» атты әлеуметтік жобасымен танысыңыздар!
21.05.2018
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің ұйымдастырып отырған «Мектеп мұғалімдерінің үздік әдістемелік жұмысы», «Үздік жас зерттеуші», «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен», «Мәңгілік Ел тарихы», «География – менің таңдауым» және «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы» конкурстарына 2018 жылдың 15 мамырына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» журналының 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан, №№1-12(115-126) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.