ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығығылыми журналдарының ғылыми редакторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ләззат Байқоңырқызы БайболатАстана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуды жетілдіру» атты семинарға қатысты.

Аталған семинар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-зертханалық ғимаратының 823-ші дәрісханасында өткізілді.

Семинарды Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры Жұмагүл Тұрлыбекова кіріспе сөз сөйлеп, ашты. Сонымен бірге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қуандық Құлмановтың алғысөзі тыңдалды.

Мұнан соң Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) профессоры, Тілдер орталығы қазақ тілі бағдарламасының үйлестірушісі, филология ғылымдарының докторы Зәуреш Ерназарованың «Кәсіби қазақ тілін оқытуды модельдеу» және «Академиялық қазақ тілін меңгерту» атты тақырыптардағы дәрістері тыңдалды.

Семинар соңында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми журналдарының ғылыми редакторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ләззат Байқоңырқызы Байболатқа және басқаларға профессор З.Ш. Ерназарованың «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуды жетілдіру» атты оқытушылардың біліктілігін арттыру курсына қатысқандығын растайтын Сертификаттар тапсырылды.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

07.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің http://www.akorda.kz/kz ресми сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауының «III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» атты бөлімінің Екінші тармағында: «Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет», - деп жазылған.
07.10.2018
В Послании Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 5 октября 2018 г. «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», опубликованном на официальном сайте Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/ru/, в разделе «III. Создание комфортной среды проживания», написано следующее: «Второе. Нужно обеспечить внедрение новых подходов к территориальному развитию страны».
04.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік.