ЕЛІМІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІН ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАНТТАР КҮТІП ТҰР

2013 жылдың 2 тамызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады.

Комиссия құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, еліміздің ірі мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының ректорлары кірді.

Жиын басталмай тұрып, Бақытжан Жұмағұлов республикалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, құжаттарды қабылдау нәтижесі бойынша мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

ҚР Білім және ғылым министрінің баяндамасы бойынша ағымдағы жылы еліміздің бітіруші мектеп түлектерінің саны 143 409 адамды құрады, олардың ішінде қазақ тілді оқу бөлімі 92 556 (64,5%), ал орыс тілді оқу бөлімі 42 476 (35,5%) адамды құрады.

Биыл Бірыңғай ұлттық тестке қатысқан оқушылардың саны 95 455 (жалпы саннан 66,6%) адамды құраған, ал кешенді тестілеуге қатысқандар – 76 655 адам. Жоғары оқу орнында білім алу құқығына 95 965 адам ие болды.

Осы жылы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына бағытталған. Бұл ең алдымен, Елбасының жариялаған үдемелі индустрияландыру курсы. Мұнымен қоса, агроөнеркәсіп кешенін дамыту да басты назарға алынды. Мемлекеттік тапсырыстың құрылымында педагогикалық кадрларды даярлау ерекше орынға ие.

Көрсетілген басымдықтарды есепке ала отырып, 12 (34%) мыңға жуық грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, 6700 (19%) – ден жоғары грант педагогикалық, сонымен қатар 2630 (7,5%) грант ауылшаруашылығы мен ветеринар мамандықтарына қарастырылған.

2013 жылы барлығы 35 053 грант бөлінген, демек, былтырғы жылмен салыстырғанда 738 грантқа артық.

Республикалық байқау комиссиясының жұмысы 4 күн бойы, яғни, 2013 жылдың 2-5 тамыз аралығында жүретін болады. Содан кейін еліміздің жоғары оқу орындары бойынша гранттарды үлестіру нәтижесі жарияланатын болады.

Еске сала кететін жәйт, биыл еліміздің көшбасшы ЖОО – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де білім алғысы келетін талапкерлер саны артқан.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.03.2019
Кеше, 2019 жылғы 19 наурыз күні, кешкі сағат 19-да Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз (Ұлт көшбасшысы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикалық телеарналар арқылы еліміздің халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.
15.03.2019
Оңтүстік өңірі жұртшылығының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған, Мырзашөлде жаңа облыс ашылып, бұрынғы Асықата ауданы қайта құрылуын өтінген хаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жолданды.
13.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.