ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

Мырзашөл-Шардара-Сарыағаш-Келес өңірлерінің жастары алысқа бармай-ақ, қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде жоғары білім алып, мемлекеттік университеттің дипломына ие бола алады

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алып, Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығын ашқан еді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарында тұратын немесе қызмет істеп жүрген жастарға арнап тағы бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі осы мақсатта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен өзара келісім жүргізіп жатыр.

Егер жоғарыдағы екіжақты келісімге табысты қол жеткізілген жағдайда, екінші жоғары білім алғысы келетін және/немесе колледжден кейін ұқсас бағыттар бойынша жоғары білім алғысы келетін Мырзашөл және Шардара өңірлерінің жастары енді еліміздің ірі қалаларына бармай-ақ, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Жетісай ауданының Асықата кентінде орналасқан «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығында Қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде жоғары білім алуларына мүмкіндік жасалады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Мырзашөл және Шардара өңірлерінің жастары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім ала алады.

Осы орайда, Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түскісі келетін, жоғары білімі бар және/немесе «Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар Мырзашөл және Шардара өңірлерінің жастарын оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түскісі келетін жоғары білімі бар және/немесе колледж бітірген жастарға құжаттарын тапсыру үшін Көкшетау қаласына барудың қажеті жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ақылы негізде оқуға қабылдау үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 43-1-бабының 2) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, университет басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларымен реттелетін қосымша емтихан өткізеді.

Қосымша емтихан «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Жетісай ауданының Асықата кентінде орналасқан «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығында қабылданады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік университетте екінші жоғары білім алғысы келетін, сондай-ақ колледжден кейін ұқсас бағыттар бойынша оқығысы келетін Мырзашөл және Шардара өңірлерінің жастары Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша Жетісай ауданындағы Асықата кентіндегі «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығында ақылы негізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жоғары білімін ала алады.

Оқуға түсушілерді университеттің студенттері қатарына қабылдау университет басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылғы 10-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Сондықтан Қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жоғары білімін алғысы келетін талапкерлер 25-ші тамызға дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс.

Түркістан облысы, Жетісай ауданының Асықата кентіндегі «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығында Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қысқартылған жоғары білім кадрларын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылдайтын білім беру бағдарламаларының тізімі:

Даярлау бағытының коды және атауы Білім беру бағдарламалары тобының атауы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру бағдарламалары

6B011 – Педагогика және психология:

В001 – Педагогика және психология

Педагогика және психология

6В012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы:

В002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау:

В003 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6В014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау:

В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру және спорт

В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Көркем еңбек, жобалық графика

6В015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау:

В009 – Математика мұғалімдерін даярлау

Математика-Физика

Математика-Информатика

В010 – Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

В011 – Информатика мұғалімдерін даярлау

Информатика

В012 – Химия мұғалімдерін даярлау

Химия (көптілді оқыту)

Химия және биология (көптілді оқыту)

В013 – Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

В014 – География мұғалімдерін даярлау

География-тарих

География және білімдегі экология

6В016 – Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау:

В015 – Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Тарих-дінтану

6В017 – Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау:

В016 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі мен әдебиеті

В017 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау:

Орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шет тілі: екі шет тілі

6В018 – Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау:

В019 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, инклюзивті білім беру тьюторы

6B021 – Өнер:

В031 – Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

Дизайн және компьютерлік графика

6B023 – Тілдер және әдебиет:

В036 – Аударма ісі

Аударма ісі

6B031 – Әлеуметтік ғылымдар:

В041 – Психология

Психология

6B032 – Журналистика және ақпарат:

В043 – Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Кітапхана ісі және ақпараттық технологиялар

6B041 – Бизнес және басқару:

В044 – Менеджмент және басқару

Салалардағы менеджмент

Экономист-талдаушы

В045 – Аудит және салық салу

Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау

В046 – Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Банк ісі және қаржы менеджменті

6B042 – Құқық:

В049 – Құқық

Заңтану

6B051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар:

В050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Салалар бойынша биотехнология

Биология

6B052 – Қоршаған орта:

В051 – Қоршаған орта

Экология

6B061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

В057 – Ақпараттық технологиялар

Информатика

Корпоративті ақпараттық жүйелер

В058 – Ақпараттық қауіпсіздік

Компьютерлік жүйелер мен желілер қауіпсіздігі

6B071 – Инженерия және инженерлік іс:

В064 – Механика және металл өңдеу

Машина құрылысы технологиясы және металдарды кесу арқылы өңдеу

В065 – Автокөлік құралдары:

Автокөлікті қолдану

6B072 – Өндірістік және өңдеу салалары:

В068 – Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Дәнді сақтау мен өңдеу технологиясы

В071 – Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Тау-кен ісі

6B073 – Сәулет және құрылыс:

В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Ғимараттар мен құрылыстарды BIM жобалау

6B081 – Өсімдік шаруашылығы:

В077 – Өсімдік шаруашылығы

Агрономия

Топырақтану және агрохимия

6B082 – Мал шаруашылығы:

В078 – Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы

6B083 – Орман шаруашылығы:

В079 – Орман шаруашылығы

Орман ресурстары және орман шаруашылығы

6B085 – Жерге орналастыру:

В081 – Жерге орналастыру

Аграрлық техника және технологиялары

6B101 – Денсаулық сақтау:

В084 – Мейірбике ісі

Мейірбике ісі (жеделдетілген бағдарлама бойынша бакалавриат)

6B111 – Қызмет көрсету саласы:

В091 – Туризм

Туризм

В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

6B112 – Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
 Адам өмірінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Назар аударыңыздар!

Оқуға түсушілерді университеттің студенттері қатарына қабылдау университет басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылғы 10-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Сондықтан Қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жоғары білімін алғысы келетін талапкерлер 25-ші тамызға дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс.

Толық ақпарат алу үшін байланыс телефон нөмірі: +7 701 397 17 13, +7 707 110 50 27 (Мырзантай Қожабайұлы).

 

(Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі жариялап отыр).

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
04.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
28.10.2019
Мырзашөл өңірінде балалар және білім беру саласындағы заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік