«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИНДУСТРИЯҒА!» («СЕРПІН») ЖОБАСЫМЕН БІЛІМ АЛЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТ-ЖАСТАР АРАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІК

2019 жылғы 13-26 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің жобасы аясында:

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастар арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік;

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан көп балалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалармен кездесулер өткіздік.

Атап айтқанда, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымның басшысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы Жақып:

- 2019 жылғы 13 қараша күні Атырау қаласына арнайы іссапармен барып, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде;

- 2019 жылғы 14 қараша күні арнайы іссапармен Ақтөбе қаласына арнайы іссапармен барып, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде;

- 2019 жылғы 15 қараша күні Қостанай қаласына арнайы іссапармен барып, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде;

- 2019 жылғы 16 қараша күні Орал қаласына арнайы іссапармен барып, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде;

- 2019 жылғы 18 қараша күні Петропавл қаласына арнайы іссапармен барып, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мелекеттік университетінде;

- 2019 жылғы 19 қараша күні Өскемен қаласына арнайы іссапармен барып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде;

- 2019 жылғы 25 қараша күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде;

- 2019 жылғы 26 қараша күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша оқып жатқан студенттермен кездесіп қайтты.

Біз студент-жастарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлауға арналған бағытымен жан-жақты таныстырдық.

Кездесулер барысында студент-жастар өздерін толғандырған көптеген өткір сұрақтарын қойды.

Біз осы жоба бойынша жинақталған барлық ақпараттар бойынша сараптамалық-талдау сипатында есеп дайындап, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арнайы ұсыныстарымызды жолдайтын боламыз.

Анықтама:

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба.

Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады.

Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған жоғары оқы орындары мен колледждердің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді. Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасындағы түлекті жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
27.11.2019
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («серпін») жобасымен білім алып жүрген студент-жастар арасында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік
07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.