МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған Интернет-ресурс

  • МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ
    Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • Жаңалықтар

    20.03.2019
    Кеше, 2019 жылғы 19 наурыз күні, кешкі сағат 19-да Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз (Ұлт көшбасшысы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикалық телеарналар арқылы еліміздің халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді.
    15.03.2019
    Оңтүстік өңірі жұртшылығының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған, Мырзашөлде жаңа облыс ашылып, бұрынғы Асықата ауданы қайта құрылуын өтінген хаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жолданды.
    13.03.2019
    «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.