АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТЫ АЯСЫНДА МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ «БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірінде құрылатын балаларға арналған ақпараттық-білім беру орталығында:

- Балаларды «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйімен таныстыру;

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат беру және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебінде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сабақтар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» мемлекеттік грантын жүзеге асыруға белсене атсалысқан балалар мен ұстаздар қауымына арнайы Сертификаттар беру және басқа да марапаттау іс-шаралары жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысының Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің орналасатын жері – Жетісай ауданының Асықата кенті;

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысына қарасты Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің ашылу мерзімі – 2019 жылғы 12 шілде.

Біз «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің әлеуметтік жобаларына қолдау білдіріп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

16.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Бала құқықтары декларациясының қабылданғанына – 60 жыл, Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына – 30 жыл толуына орай еліміздің ең қиыр оңтүстігіндегі Мырзашөл өңірінің Асықата кентінде (Түркістан облысы) 2019 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр
13.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
11.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.